Неймар шошқаборық ауруына шалдықты

Неймар шошқаборық ауруына шалдықты
Фото: vk.com

Катаалондық «Барселона» клубының негізгі құрам ойыншыларының бірі Неймар 15 күн бойы алаңға шықпайтын болды. Шабуылшы шошқабұрқақ (свинка) ауруымен сырқаттанып қалған.

Испан басылымы sport.es таратқан ақпарат бойынша, Неймар алдағы «блаугрананың» үш ойынына қатыса алмайды. Оның екеуі бильбаолық «Атлетик» (Испания Суперкубогы), біреуі «Севильяға» (УЕФА Суперкубогы) қарсы өтеді. Медициналық тексеру қорытындысы бойынша, құлақ түсі іскен футболшының шошқаборық ауруымен (шықшыт безінің қабынуы) сырқаттанғаны анықталды.

Айта кетейік, соңғы рет «Барселона» «Ромаға» қарсы жолдастық кездесу өткізгенде, бразилиялық шабуылшы гол соғып, көзге түскен болатын. 

Ө. Сансызбай