Роналду туған күніне «Реалдан» кімдерді шақырмай қойған?

Роналду туған күніне «Реалдан» кімдерді шақырмай қойған?

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналдудың 30 жасқа толған туған күнінің соңы үлкен дауға ұласып отыр. Футболшы мерейлі мерекесін «Атлетикодан» ойсырай ұтылғаннан кейін тойлап қана қоймай, командадағы біраз әріптестерін шақырмаған да көрінеді.

Испан басылымдары таратқан мәлімет бойынша, Роналду туған күні өтетін караоке-барға командаластары Икер Касильяс, Кәрім Бензема, Рафаэль Варан, Иско және Альваро Арбелоаны шақырмаған. Ал бас бапкер Карло Анчелотти мен Тони Кроосты шақырғанымен, олар келмей қалған. Ірі жеңілістен кейін португалдық футболшының туған күнін атап өтуі – жанкүйерлер мен әріптестерінің де наразылығын тудырса керек-ті. Ал футболшының агенті Жорже Мендеш болса: Роналду ірі жеңілістен кейін көңілсіз болса да, туған күнін атап өтуге тиіс еді,- дейді. Себебі, ол барлық дос-жарандары мен туыстарын салтанатты кешке шақырып қойған екен.

Айта кетейік, Криштиану Роналдудың туған күніне келгендерінің көбі - жарақат алған ойыншылар болып отыр. Олар: Хамес Родригес, Лука Модрич, Сами Хедира және Кейлор Навас және т.б. «Корольдік клуб» басшылығы кеше ғана Родригес пен Хедираға айыппұл салған болатын. Әзірге нақты бір себебі айтылып отырған жоқ.  

Cурет: sport-xl.org

Оқи отырыңыз

Роналду 600-ші ойынында алаңнан қуылды (видео)

Криштиану қаңғыбастың образын сомдады (видео)

Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады

О. Сансызбай