Роналдудың туған күніне барған «Реал» ойыншылары жазаланды

Роналдудың туған күніне барған «Реал» ойыншылары жазаланды

Мадридтік «Реал» командасының жартылай қорғаушылары Хамес Родригес пен Сами Хедира Криштиану Роналдудың туған күніне барғаны үшін клуб басшылығы тарапынан жазаланды. Бұл туралы испан басылымдары хабарлап отыр.

Мадридтік дербиде ойсырай жеңілген «корольдік клубтың» белді ойыншысы Криштиану Роналду кездесу соңынан караоке барда туған күнін атап өткен болатын. Салтанатты кешке 150-дей адам қатысқан. Олардың қатарында Хамес Родригес, Кейлор Навас, Лука Модрич, Сами Хедира және т.б. ойыншылар да болған. Бірақ, клубтың барлық құрамы арнайы шақырту алмаған. Ірі жеңілістен кейін португалдық футболшының туған күнін атап өтуі – жанкүйерлер мен әріптестерінің де наразылығын тудырған көрінеді. Ал футболшының агенті Жорже Мендеш болса: Роналду ірі жеңілістен кейін көңілсіз болса да, туған күнін атап өтуге тиіс еді, - дейді. Себебі, ол барлық дос-жарандары мен туыстарын салтанатты кешке шақырып қойған екен.

«Корольдік клуб» туған күнге барған барлық ойыншыларды жазалаған жоқ. Оның сыры әзірге белгісіз. Тек Сами Хедира мен Хамес Родригес тәртібі ғана олардың көңілінен шықпай қалған. Осы жазда клубпен келісімшарты аяқталатын Германия құрамасының ойыншысы алдағы уақытта негізгі құрамда алаңға шықпайтын болды. Ал колумбиялық ойыншы болса, айыппұл төлейді.

Айта кетейік, «Реалдың» «Севильяға» қарсы ойынында екі бірдей ойыншысы жарақат алған болатын. Оның бірі – Хамес Родригес болса, екіншісі – Серхио Рамос. Алғашқысы екі ай көлемінде алаңға шыға алмайтыны белгілі болса, испандық футболшы 3 апта командасының ойынын жасыл алаң жиегінен тамашалайтын болады. 

Cурет: bild.de

Оқи отырыңыз

Роналду 600-ші ойынында алаңнан қуылды (видео)

Криштиану қаңғыбастың образын сомдады (видео)

Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады

Ө. Сансызбай