Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ең үздік голдар (видео)

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ең үздік голдар (видео)

Футболдан 2014/2015 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі де мәресіне жетті. Ал біз назарларыңызға ең әдемі соғылған голдар топтамасын ұсынамыз.

Ең үздік голдар топтамасына 10 футболшының мергендік танытқан сәттері енген. Бірінші және екінші орыннан көрінген голдар топтық кезеңнің соңғы турында соғылыпты. Түркияда «Галатасарай» қақпасына Аарон Рэмзидің («Арсенал») алыстан бағыттаған жойқын соққысы үздік саналып отыр. Екінші орыннан Стивен Джеррардтың айып соққысынан «Базель» қақпасына соққан голы енсе, үштікті Марко Ройстың «Галатасарайға» соққан голы қорытындылап тұр. Айта кетейік, бұл жанкүйерлер таңдауы бойынша үздік саналған голдар топтамасы.

Cурет: eurosport.ru

О. Сансызбай