Brazuca Мессиге ұнады (видео)

Каталондық "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының ресми добы турасында өз пікірімен бөлісті. "Алтын доптың" төрт дүркін иегеріне ала доп ұнап отыр. 

"Допты алғаш көргеннен жақсы көңіл-күй сыйлады. Brazuca добының дизайны ерекше екен. Гүлдері көп. Мен бұл доппен жаттығып та көрдім, ол маған ұнады", - дейді Месси.

Бұл туралы Goal.com сайты хабарлауда. 

Естеріңізге сала отырсақ, кешегі күні Бразилияда 2014 – Әлем чемпионатының ресми добы таныстырылған еді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/PImQsVsXCrI","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: independent.co.uk