Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО), Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) және мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (58-2-2, 39 КО) Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) үшін дұға етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
6 қарашада Ербосынұлы кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) 12-раундта нокаутпен жеңілді. Айдостың жағдайы нашарлаған соң, оны рингтен зембілмен көтеріп алып кеткен еді. Кейін ауруханада миына қан кеткен боксшы жасанды комаға түсті.
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) қазақстандық спортшыға қолдау білдірді.
"Айдос бауырымызға Алла шипа берсін. Отбасына аман-есен оралсын деп тілейміз!", - деп жазған Жәнібек.
"Тезірек сауығып кет. Туғандарың мен жақындарың бекем болсын", - деп жазған Геннадий Instagram Stories-інде.
Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпиоы Сауль "Канело" Альварес те Ербосынұлы үшін дұғада екенін айтты.
"Сен менің дұғамдасың", - деп жазды Instagram әлеуметтік желісінде мексикалық спортшы.
Еске салайық, Қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) супер орта салмақта (76,2 келіге дейін) кубалық Дэвид Моррелмен (8-0, 7 КО) жұдырықтасып, 12-раундта ауыр нокаутқа түскен еді.
TGB Promotions промоутерлік компаниясы және Premier Boxing Champions телефраншизасы Айдостың жағдайына қатысты пікір білдірді.
@massaget.kz #бокс#WBAworld#айдосербосынулы#спорт#боксер#рек#хочуврек#боксқауымдастығы ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!