Сейсмологиялық жағдайға байланысты Алматыдағы хоккей турнирі өтпейтін болды

Сейсмологиялық жағдайға байланысты Алматыдағы хоккей турнирі өтпейтін болды
Фото: icehockey.kz

Хоккейден Eurasia Jastar Cup халықаралық турнирі Қазақстандағы сейсмологиялық жағдайға байланысты өтпейтін болды немесе уақыты кейінге шегеріледі, – деп хабарлайды IceHockey.kz

Сейсмологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ қатысушы командалар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан хоккей федерациясының басшылығы Алматыда 2024 жылдың 1-4 ақпаны аралығына жоспарланған Eurasia Jastar Cup турнирін өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдады. Турнирді кейінге қалдыру туралы кейінірек хабарланады. Барлық жанкүйерге қолдаулары үшін алғыс айтамыз, барлық сатып алынған билет кері қайтарылады, - деп жазылған хабарламада. 

Халықаралық турнирге Ресей әйелдер құрамасы, U-16 және U-18 жастар құрамалары, сондай-ақ Беларусь және Қазақстан құрамасы қатысады деп күтілген. 

Айта кетейік, 23 қаңтар күні түнгі сағат 00:09 шамасында Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың шағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Кейіннен қалада 44 адамның зардап шеккені анықталды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай