Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы тұрғындары қатты жер сілкінісін сезді. Алматылықтар өз үйлерін тастап, сыртқа шығып жатыр.

Кей тұрғындар жалаң аяқ, кейбірі киімсіз үйлерін тастап, далаға шыққан.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "НТЦСН и И" сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1.

Магнитудасы – MPV 6.7.

Тереңдігі – 65 шақырым.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан