Елена Рыбакинаның матчы теннис тарихына енді

Елена Рыбакинаның матчы теннис тарихына енді
Фото: instagram.com/wta

Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды, бірақ оның бұл матчы теннис тарихында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рыбакина 1/32 финалда күтпеген жерден ресейлік Анна Блинковадан жеңіліп қалды, ал шешуші супер тайбрейк тарихи оқиғаға айналды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Australian Open (@australianopen)

"Үлкен дулыға" тарихында жекелей сындағы ең ұзақ тайбрейк", - деп жазды Australian Open турнирінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.

Шешуші тайбрейк 22:20 есебімен Блинкованың пайдасына аяқталды – теннисшілер тарихқа енді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан