Australian Open: Тартысқа толы өткен ойында Рыбакина ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды

Australian Open: Тартысқа толы өткен ойында Рыбакина ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне шыға алмады. Ресейлік Анна Блинковадан айласын асыра алмай, жарысты ерте аяқтады.

Аса тартысқа толы өткен ойын үш сетке созылды. Бірінші сетте 6:4 есебімен Анна алда болды. Екінші сетте дәл осындай есеп айырмасымен Елена жеңіске жетті. 

Үшінші сетте теннисшілердің жүйкесі сыр берді. Кезек-кезек брейк жасап, барын салды. Ойын соңындағы тай-брейктің өзі жарты сағаттан асық уақытқа созылып, 22:20 есебімен ресейлік теннисші жеңіске жетті.

Ойын 2 сағат 46 минутқа созылды. Осылайша биылғы Аустралия ашық чемпионатының жекелей сынында қазақстандық теннисшілер жарысты ерте аяқтады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина бірінші кезеңде чех теннисшісі Каролина Плишкованы ұтқан болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай