Александр Недовесов пен Анна Данилина да халықаралық турнирлерді сәтті бастады

Александр Недовесов пен Анна Данилина да халықаралық турнирлерді сәтті бастады
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Анна Данилина және Жібек Құламбаева халықаралық турнирлерді сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің екінші айналымына финалына шықты. Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге алғашқы айналымда бразилиялық Тьяго Уайлд – Перу өкілі Хуан Пабло Варильяспен сынға түсті. Қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Александр Недовесов – Гонсало Эскобар ширек финалға шығу үшін жарыстың 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Ллойд Глaсспул – нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен сынға түседі.
 
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты. Өткен аптада Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 жарысында жеңімпаз атанған А.Данилина бұл жолы украиналық Надежда Киченокпен жұп құрып, Хобартта 4-ракетка болып тіркелді. Бірінші партияда Данилина – Киченок 7:5 есебімен басым түсті. Олар екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен есеп 5:4 болып, матчқа доп бергенде, Л.Морозова – К.Питер брейк жасап кетті. Есесіне тай-брейкте Анна мен Надежда ұпай ұстатқан жоқ – 7:6 (7:0). Анна Данилина – Надежда Киченок жартылай финалға шығу үшін аргентиналық Надя Подороска – мысырлық Маяр Шерифпен кездеседі.
 
Ал Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF  W50 турнирінің ширек финалына шықты. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге бастапқы кездесуін жапониялықтар Аои Ито – Эрика Семамен өткізді. Бірінші партияда қазақстандық-грекиялық жұп тай-брейкте ептілік танытты – 7:6 (7:2). Екінші сет одан оңайлау болды – 6:2. Жібек Құламбаева мен Сапфо Сакелларидидің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан