FIFA рейтингі. Қазақстан құрамасы жылды 100-орынмен қорытындылады

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (FIFA) жаңарған рейтингі жарияланды. Қазақстан ұлттық құрамасы жылды 100-орынмен қорытындылады. 

Магомед Адиев жаттықтыратын ұлттық құрама өткен айда да 100-орында болған. Жаңарған рейтингте де өз орнында қалған. Алғашқы ондықта да өзгерістер жоқ. 

Қазақстан құрамасы қараша айында екі ойын өткізді. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Сан-Мариноны 3:1 есебімен ұтса, сырт алаңда Словенияға 2:1 есебімен жол берді. 

FIFA рейтингі:

1 (1). Аргентина - 1855.2;
2 (2). Франция - 1845.44;
3 (3). Англия - 1800.05;
4 (4). Бельгия - 1798.46;
5 (5). Бразилия - 1784.09;
6 (6). Нидерланды - 1745.48;
7 (7). Португалия - 1745.06;
8 (8). Испания - 1732.64;
9 (9). Италия - 1718.82;
10 (10). Хорватия - 1717.57;
...100 (100). Казахстан - 1215.16.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Наурыз айында Ұлттар лигасы негізінде қосымша жолдамаға таласады. 21 наурыз күні Грекия құрамасына қарсы ойнайды. Егер ұтатын болса, 26 наурызда Люксембург және Грузия құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!