Геннадий Головкин тағы бір ұйымның рейтингінен шығып қалды

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) әр салмақ дәрежесі бойынша рейтингін жаңартты. Жаңарған рейтингке қазақстандық боксшы Геннадий Головкин енбей қалды. 

Орта салмақта WBO чемпиондық белбеуіне отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы ие болып келеді. Ал рейтингте Крис Юбенк (кішісі) көш бастап тұр. Екінші орында тағы бір отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов тұр. Үштікті Шейн Мозли (кішісі) түйіндеген. 

GGG соңғы рет өткен жылдың қыркүйек айында шаршы алаңға шықты. Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қарсыласына жол берген еді. 

1 жылдан асық уақыт шаршы алаңға шықпаған Гена беделді ұйымдардың рейтингінен шығып қалуда. Бұған дейін отандасымыз WBC, The Ring, Boxrec және т.б. ұйымдардың рейтингінен алынып тасталған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!