Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды
Фото: instagram.com/adal_promotions/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, "Adal Promotions" командасының өкілі Мейірім Нұрсұлтанов Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақтағы 2023 жылдың ең үздік боксшысы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалықты WBO ұйымы Доминикан Республикасында өтіп жатқан конвенциясында хабарлады. Құтты болсын!, - деп жазды "Adal Promotions" командасының инста парақшасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ADAL PROMOTIONS (@adal_promotions)

Қазіргі таңда Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) қазір келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Боксшы даярлық жұмыстарын Ақтауда өткізіп жатыр. Ал оның келесі қарсыласы екі аптадан кейін белгілі болады.

Мейірім соңғы рет шаршы алаңға сәуірде шығып, Оңтүстік Кореяда өткен айқаста жапониялық Кадзуто Такесаконы (15-0-1, 14 КО) нокаутпен ұтқан болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай