4:0. Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында Францияны да ұтты

4:0. Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында Францияны да ұтты
Фото: olympic.kz

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында (І дивизион) Қазақстан командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Сергей Старыгиннің командасы Франциямен кездесіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан сапынан Нұркенов дубль жасаса, Смольянинов пен Ким бір шайбамен көзге түсті. 

Айта кетейік, бұған дейін біздің спортшылар Венгрия және Дания құрамаларынан айла асырған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан