Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ: қазақстандықтардың матчы камбэкпен аяқталды

Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ: қазақстандықтардың матчы камбэкпен аяқталды
Фото: instagram.com/kazakhstanhockey

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионының "А" тобында Данияны жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Будапешттегі кездесу 3:2 есебімен Сергей Старыгин шәкірттерінің пайдасына шешілді. Бірінші кезеңде Оскар Мелгард (16 минут) матчтағы есеп ашты.

Екінші кезеңде гол болмады.

Үшінші кезеңде командалар бірігіп төрт гол соқты. Сөйтіп, 45-минутта Бейбарыс Оразов таразы басын теңестірді. Алайда 47-минутта Альберт Шиолдан даниялықтарды тағы да алға шығарды.

Қазақстан құрамасы 49-минутта Кирилл Ляпуновтың күшімен есепті теңестірді. Старыгин шәкірттеріне 57-минутта Руслан Оспанов жеңіс әкелді.

Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстан Венгрияны 5:2 есебімен ұтқан болатын. Қазақстандықтар келесі кездесуін 13 желтоқсанда Францияға қарсы өткізеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан