Араб инвесторлары Чемпиондар лигасын сатып алғысы келеді

Араб инвесторлары Чемпиондар лигасын сатып алғысы келеді
Фото: goal.com

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасын араб инвесторлары сатып алғысы келеді. Сатып алып клубтар арасындағы әлемдік додаға айналдырмақ ниетте. Яғни еуропалық клубтардан бөлек өзге құрлық командалары да қатыса алатын жоба жасалуы мүмкін.

Мұнайдың бағасы барреліне 150 долларға дейін жететін болса, араб инвесторлары Чемпиондар лигасының франшизасын сатып алуға құлықты. Мұны Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағымен (FIFA) келісім нәтижесінде жүзеге асырғысы келеді. 

Бұған дейін Криштиану Роналду ойнайтын "Әл-Наср" командасы Чемпиондар лигасына қатысу туралы Еуропалық футбол одағына (UEFA) ұсыныс айтқан еді. 

Айта кетейік, 2024/2025 жылғы маусымнан бастап Чемпиондар лигасының форматы өзгереді. 32 команда саны 36-ға дейін артады. Олар бір лигада шахмат жүйесі бойынша ойнайтын болады. 

Тағы қоса кететіні, футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтеді.

О. Сансызбай