"Реал" командасы тарихындағы үздік 50 футболшының рейтингі жарияланды

"Реал" командасы тарихындағы үздік 50 футболшының рейтингі жарияланды
Фото: fourfourtwo.com

Ұлбританияның FourFourTwo басылымы Мадридтің "Реал" клубы тарихындағы ең үздік футболшылардың рейтингін жариялады. Көш басында – Криштиану Роналду

Португалдық футболшы "корольдік клубта" 2009-2018 жылдар аралығында ойнады. Мансабындағы ең жұлдызды шағы да осы клуб сапында өтті деуге болады. Команданың ең үздік сұрмергені (438 ойында 450 гол соққан) атанды. Испаниядағы атақтарын қоспағанда, Чемпиондар лигасын 4 рет жеңіп алды. 

Роналдудан кейін команданың үздік футболшысы құрметіне Альфредо Ди Стефано ие болған. Үштікке Зиннедин Зидан енген. 

"Реал" тарихындағы үздік футболшылардың ондығы:

1. Криштиану Роналду
2. Альфредо Ди Стефано
3. Зинедин Зидан
4. Серхио Рамос
5. Икер Касильяс
6. Франсиско Хенто
7. Рауль
8. Сантьяго Бернабеу
9. Ференц Пушкаш
10. Луиш Фигу

Толық тізім

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай