Асу Алмабаевтың UFC-гі екінші қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың UFC-гі екінші қарсыласы анықталды. Ол 9 наурыз күні Майамиде америкалық Си Джей Вергарамен шайқасады. 

Асу америкалық ұйымдағы алғашқы жекпе-жегін тамыз айында өткізді. Америкалық (тегі ямайкалық) Од Осборнды уақытынан бұрын ұтып шықты. Қыркүйек айының соңында жарақат алып, жаттығуларын уақытша тоқтатқан еді. 

Қазақстандық спортшының екінші жекпе-жегі жайлы First Round Management менеджерлік компаниясы хабарлады. 

Си Джей Вергара UFC-де 2021 жылдың қараша айынан бері бақ сынап келеді. 5 жекпе-жекке шығып, 3-ін жеңген. 2 шайқасында жеңілген. Оның бірінде Асудың алғашқы қарсыласы Од Осборнға төрешілер шешімімен жол берген. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!