Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: UFC

Бүгін, 6 тамызда Нэшвиллде (АҚШ) өткен UFC турнирінде қазақстандық Асу Алмабаев америкалық Оде Осборнмен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жекпе-жек екі раундқа созылды, Алмабаев тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UFC (@ufc)

Бүгінгі жекпе-жек - Алмабаевтың UFC-дегі дебюті. Бұл жетістік Алмабаевқа ММА-дағы жеңісті сериясын ұзартуға мүмкіндік берді, ол қазірге дейін 14 рет жеңген. Қазақстандық спортшы кейінгі рет 2017 жылы ұтылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан