Командасыз жүрген танымал футболшылар

Командасыз жүрген танымал футболшылар
Фото: nieuwsblad.be

Еуропадағы футбол маусымы басталып кетті. Жаңа доп додасының басталғанына қарамастан, әлі де командасыз жүрген танымал футболшылар бар. Олай болса қайда барарын ойланып жүрген ойыншылармен таныстыра кетейік. 

Давид де Хеа, қақпашы


Фото: Matt McNulty / Getty Images

Испан қақпашысы 12 жыл бойы "Манчестер Юнайтедте" ойнады. Жазда командамен келісімшарты аяқталып, еркін агент ретінде жаңа команда таңдап жүр. Ал манкуниандық команда "Интерден" Андре Онаны сатып алды. Тибо Куртуа жарақат алғаннан кейін "Реал" осы қақпашыға көз тігеді деп күтілген. Алайда "корольдік клуб" таңдауы Кепа Арисабалагаға түсті. Енді Давид де Хеаның қайда баратыны әзірге белгісіз. "Баварияға" барып қалуы да мүмкін. 

Джесси Лингард, жартылай қорғаушы


Фото: nottinghamforest.co.uk

"Манчестер Юнайтед" командасының бұрынғы ойыншысы Джесси Лингард та команда тапқан жоқ. Өткен маусымды "Ноттигем Форест" клубы қатарында өткізген. Қазір спорттық бабын жоғалтып алмау үшін "Вест Хэм" клубымен бірге жаттығып жүр. Жақында Ресейдің ЦСКА клубы келіссөз жүргізгісі келетіні жайлы хабарлаған. Кейіннен ағылшындық ойыншының келмейтіні анықталған-ды. 

Эден Азар, вингер


Фото:Global Look Press

"Челсиде" мансабының ең жарқын сәттерін өткізген бельгиялық футболшы кейінгі жылдары жанкүйерлер көзіне көп түсе бермейді. Жарақатына байланысты алаңға көп шықпайтын да болған. "Реалда" өткізген 4 жылда 76 ойынға ғана қатысты. Жазда мадридтік клубпен келіскен түрде келісімшартын аяқтады. Мансабын аяқтауы да мүмкін деген ақпараттар тараған. Алайда Азарға Бельгия, Сауд Арабиясы мен АҚШ клубтарынан ұсыныстар түскен. Әлде мансабын аяқтар ма екен?

Серхио Рамос, қорғаушы


Фото: psg.fr

Танымал футболшы әлі жаңа команда таба қойған жоқ. Кейінгі жылдары ПСЖ сапында ойнап, Мессимен қатар командадан кетті. Серхио Рамосқа Түркияның "Бешикташ" және "Галатасарай" командалары ұсыныс жасаған. Алайда испан ойыншысының сұраған жалақысына бұл командалар келісе қоймаған. "Бешикташқа" ауысар болса, отандасымыз Бахтиер Зайнутдиновпен командалас атанып қалуы да мүмкін еді. Қазір ойыншы MLS командаларынан да ұсыныстарды қарастырып жатыр. 

Алексис Санчес, шабуылшы


Фото: chelseablues.ru

Чилилік футболшы өткен маусымды Францияның "Марсель" клубында өткізді. Қазір командасыз жүрген ойыншылар қатарында. Алексис Санчес Еуропадағы "Удинезе", "Барселона", "Арсенал", "МЮ", "Интер", "Марсель" клубтарында ойнаған тәжірибелі ойыншы. Әлі де Еуропаның топ клубтары болмаса да, ортаңқол ұжымдарында абыроймен ойнауға қауқарлы. 

Роберто Перейра, жартылай қорғаушы


Фото: Getty Images

Перейраның есімі де Хеа және Рамос секілді көпшілікке танымал емес. Бірақ 2011 жылдан бері Еуропаның топ лигадағы клубтарында ойнап келеді. Ол "Удинезе", "Ювентус" және "Уотфордта" доп тепті. Қол жеткізген атақтары да аз емес. Transfermarkt ақпараты бойынша трансферлік құны Азар мен Рамостан жоғары. Жуық арада еуропалық командалардың бірінің қатарын толықтырып қалар. 

Мэйсон Гринвуд, шабуылшы


Фото: Global Look Press

Ағылшындық ойыншы жарты жылдан бері алаңға шыққан жоқ. Зорлық-зомбылық бойынша айыпталған Мэйсон ақталып та шықты. Алайда "Манчестер Юнайтед" қатарына қайта қосқан жоқ. 21 тамыз күні қос тарап келісімімен өзара қош айтысты. Қазір шабуылшыға Италияның "Рома" және Сауд Арабиясының "Әль-Иттифак" клубтары қызығушылық танытуда. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай