Зайнутдиновтың жаңа командасы Серхио Рамосты қатарына қоса ма?

Зайнутдиновтың жаңа командасы Серхио Рамосты қатарына қоса ма?
Фото: tgrthaber.com.tr

"Бешикташ" футбол клубы "Реал" мен ПСЖ командаларының экс-қорғаушысы Серхио Рамосты қатарына қоспайтын болды, - деп жазады журналист Фабрицио Романо. 

Дереккөз ақпараты бойынша, 37 жастағы қорғаушыны сатып алуға түркиялық клубтың қаржылық жағдайы жетпейді. Ал бұған дейін "Севилья" клубы президенті Хосе Кастро Рамостың бұрынғы командасына келуіне қарсы емесін айтқан болатын. 

Серхио Рамос кейінгі 2 жылда Париждің ПСЖ клубында ойнады. 58 матчқа қатысып, 6 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Ал оған дейін 2005-2021 жылдар аралығында Мадридтің "Реал" клубында доп теуіп әлемге танылды.

Айта кетейік, "Бешикташ" командасында қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов ойнайды. Ол жақында ғана түркиялық клуб қатарын толықтырды. 

Қазіргі таңда Бахтиердің жаңа командасы құрамына Алекс Окслейд Чемберлен, Анте Ребич, Милот Рашица, Жан Онана сынды футболшылар қосылып үлгерді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай