Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирде өзін "балағаттаған" теннисшіні жеңіп, үшінші айналымға өтті

Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирде өзін "балағаттаған" теннисшіні жеңіп, үшінші айналымға өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Елена Рыбакина Цинциннатиде өткен турнирдің үшінші айналымына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатидегі (АҚШ) турнирде алғашқы матчын өткізді.

Рыбакина ойынды екінші айналымнан бастап, турнирдің осы кезеңінде латвиялық Елена Остапенкомен (WTA рейтингінде 20-орын) кездесті. Матч Қазақстан теннисшісінің жеңісімен аяқталды – 6:7, 6:2, 6:4.

Осылайша, Елена Рыбакина жарыстың үшінші айналымына өтті, ол онда италиялық Жасмин Паолинимен кездеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан