Александр Недовесов алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанды

Александр Недовесов алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанды
Фото: ҚТФ баспасөз қызметінен

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль - бразилиялық Рафаэль Матоспен бас жүлде үшін сынға түсті.

Недовесов пен Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен басымдылық танытты.

Осылайша, Александр өз спорттық жолында алғаш рет ATP 250 жарысының жеңімпазы болды. Бұған дейін ол төрт мәрте финалға шығып, бәрінде жеңіліс тапқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина