UFC-дегі қадамын жеңіспен бастаған Азат Мақсұм елге оралды

Жексенбі күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен UFC турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен Азат Мақсұм елге оралды. Спортшыны жанкүйерлер Алматы әуежайында қошемет-құрметпен қарсы алды. 

Азат әлемдік ұйым аясындағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Жеңілірек салмақта өткен жекпе-жекте америкалық Тайсон Нэмнен басым болды. 

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері осыған дейін 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.