17-0! Бұған дейін жеңілмеген қазақстандық UFC-де сәтті дебют өткізді

17-0! Бұған дейін жеңілмеген қазақстандық UFC-де сәтті дебют өткізді
Фото: ©UFC

Аралас үлгідегі файтер Азат Мақсұм (17-0) Ultimate Fighting Championship (UFC) әлемдік лигасында дебют жасады. Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Fight Night турнирінде ол тәжірибелі америкалық Тайсон Нэммен (21-14-1) жекпе-жекке шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды - 29:28, 28:29, 29:28. 28 жастағы Мақсұм үшін бұл - 17 кәсіби жекпе-жекте 17-жеңісі.

UFC-де сегізінші жекпе-жекті өткізген 39 жастағы Нэм (3-5) үшін бұл - 14-жеңіліс. Сонымен қатар, ол бес жыл бұрын UFC-ге кірер алдында қазақстандық Жалғас Жұмағұловтан жеңілген.

Айта кетейік, үш аптадан кейін UFC-де осы дивизионнан тағы бір қазақстандық, 29 жастағы Асу Алабаев (17-2) дебют жасайды.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Ж. Қадыржанова