Танымал маман қазақ және өзбек боксы стиліндегі ерекшеліктерді салыстырды

Танымал маман қазақ және өзбек боксы стиліндегі ерекшеліктерді салыстырды
Фото: @IBA/коллаж

Қазақстандық белгілі маман, спорт шебері Юрий Чернобровкин қазақ және өзбек бокс мектептерінің айырмашылығы мен жұдырықтасу стильдеріндегі ерекшеліктерді салыстырды, - деп жазады Vesti.kz.

Қазақтың бокс мектебі Кеңес кезінің өзінде ерекше болатын. Нағыз таза бокс деуге болады. Аяқпен де, соққымен де, қарсыласты алдап-арбап жұдырықтасуымен де айрықша. Төбелеске бейім емес, шаршы алаңда эмоциясын ұстай алады. Ұтылып жатқанда ерсілі-қарсылы жұдырықты сілтеп, ашуға булығып кететін сәттер болады. Ал біздің жігіттерде мұндай жоқ. Қандай да бір жолын табуға ұмтылады. Аяқта қимылдап жұдырықтасудың реті келмеді ме, демек екінші нөмірмен шайқасуға ойысады. Бұл біздің жаттықтырушылардың еңбегі, - дейді Юрий Чернобровкин Naiza TV-ға берген сұхбатында.

Қазіргі таңда қазақ-өзбек боксының текетіресі жарыстарда жиі байқалады. Екі елдің боксшылары да халықаралық жарыстарда намысты қолдан бергісі келмейді. Мұны мамырда өткен әлем чемпионатынан да байқадық. Екі ел боксшыларының жұдырықтасуында да ерекшеліктер бар. Мұны маман былай тарқатады:

Өзбек боксының ерекшелегі – адуынында, физикалық күшке көп сенім артады. Физикалық жағынан мығым да. Екі бокс мектебі де тең деп қарауға болады, бірақ әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Өзбек боксшылары адуындап алға ұмтыла береді, қарсыласына мүмкіндік бермеуге тырысады, ал біздің боксшылар семсерлесу спортындағыдай айла-тәсілдерді ұтымды пайдалана біледі, - дейді маман.

Қазіргі таңда қазақ боксшылары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) рейтингінде көш бастап тұр. Біздің құрамадан кейін Өзбекстан мен Ресей құрамалары орналасқан.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай