Қазақ боксшылары IBA рейтингі көшін бастады

Қазақ боксшылары IBA рейтингі көшін бастады
Фото: Instagram/kazakhboxing

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (IBA) ұлттық құрамалардың жаңарған рейтингін жариялады. Ташкенттегі әлем чемпионатынан кейін Қазақстан құрамасы көш бастап тұр. 

Жаңарған рейтингте қазақ боксшылары 81 000 ұпаймен бірінші орынға жайғасқан. Екінші орында Өзбекстан құрамасы (60 800) болса, үштікті Ресей құрамасы (58 050) түйіндеп тұр. 

Айта кетейік, Ташкенттегі әлем чемпионатында медальдар саны бойынша Өзбекстан құрамасы жеңімпаз атанды. Олар 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған болатын. Ал екінші орынды 4 алтын, 1 күміс медаль еншілеген отандастарымыз иеленген еді. 

IBA рейтингіндегі 10 үздік құрама:

1. Қазақстан - 81 000
2. Өзбекстан - 60 800
3. Ресей - 58050
4. Үндістан - 55 500
5. Куба - 45 300
6. Бразилия - 43 400
7. Италия -38 980
8. Түркия - 38 450
9. Мексика - 37 650
10. АҚШ- 34 950. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай