АҚШ-та қазақстандық спортшының денесін елге жіберу үшін ақша жиналып жатыр

АҚШ-та қазақстандық спортшының денесін елге жіберу үшін ақша жиналып жатыр

АҚШ-та 24 жасында Лос-Анджелесте кенеттен қайтыс болған қазақстандық велошабандоз Дінмұхамед Ұлысбаевтың денесін елге әкелу үшін ақша жиналып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Дінмұхамедті Қазақстанға жеткізіп жерлеу үшін 15 мың доллар қажет. Қажетті соманы жинауға көмектесіңіздерші", - делінген gofund.me сайтындағы жазбада.

Еске салайық, 17 мамырда Қазақстанның велоспорт федерациясы Ұлысбаевтың қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, спортшының жүрегі тоқтап қалған.

Айта кетейік, спортшы өмірінің соңғы күндерін жұмысқа шақырту алғандықтан шетелде өткізген, америкалық велокомандалардың бірінде ойнамақ болған

Дінмұхаммед Ұлысбаев мансабында велоспорттан 2016 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының бірнеше рет жүлдегері атанды.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Г. Досымшалова