Бекболат Тілеухан Ташкентте топ жарған боксшыларға шапан жапты

Бекболат Тілеухан Ташкентте қазақ намысын қорғаған боксшыларға шапан жапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі кадрлардан Ташкентте өткен әлем чемпионатына қатысқан Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай және Санжар Тәшкенбай көрінеді.

"Бекболат Тілеухан ағамызға Алла разы болсын", - деп жазыпты Абылайхан Жүсіпов Желіде.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай топ жарды. Отандасымыз финалда грузин боксшысы Сахил Алохвердовиді жеңді. Нұрбек Оралбай да бокстан әлем чемпионы атанды. 80 келі салмақ дәрежесінің финалында 22 жастағы Нұрбек Оралбай Қытайдан келген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездесіп, төреші шешімімен жеңіске жетті.

Әлем чемпионаты! Айбек Оралбай болгар боксшысынан айласын асырды

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Қазақстан бокс федерациясының басшылығына, спортшылар мен бапкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыс еткені хабарланған болатын. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!