Қазақстан қоржынына төртінші алтын. Нұрбек Оралбай бокстан әлем чемпионы атанды

Қазақстан қоржынына төртінші алтын. Нұрбек Оралбай бокстан әлем чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

Жартылай ауыр салмақтағы Нұрбек Оралбай 2023 жылы Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстанға төртінші алтын сыйлады, - деп хабарлайды massaget.kz.

80 келі салмақ дәрежесінің финалында 22 жастағы Нұрбек Оралбай Қытайдан келген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездесіп, төреші шешімімен жеңіске жетті.

Бірінші раундта жеңіс Нұрбек Оралбайға берілді (4:1). Екінші раунд та тартысты өтті, бұл жолыда  қазақстандық тағы да жеңіске жетті (3:2).

2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының алғашқы жеңімпазы 19 жастағы Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін) атанды.

Екінші алтынды 21 жастағы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) алса, 2023 жылғы әлем чемпионатының күмісін 28 жастағы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) иеленді.

Қазақстанға үшінші жеңісті 29 жастағы Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) әкелді, ол өзбекстандық қарсыласымен тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті.

Т. Есқали