Рафаэль Надальдің карьерасын қашан аяқтайтыны белгілі болды

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, испаниялық Рафаэль Надальдің карьерасын 2024 жылы аяқтайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"2024 жылы? Бұл менің соңғы жылым болады деп ойлаймын.

Менің мақсатым - спорттық карьерамның соңғы жылын ойнау, одан ләззат аламын деп үміттенемін. Өзіме осы мүмкіндікті сыйлағым келеді", - деді Надаль.

Сонымен бірге теннисшінің жарақатына байланысты биылғы "Ролан Гаррос" турниріне қатыспайтыны белгілі болды.

22 мамырда Парижде биылғы екінші "Үлкен дулыға" жарысы – "Ролан Гаррос" турнирінің іріктеу сайыстары басталады. Қазақстан атынанан Елена Рыбакина бастаған бірнеше теннисші бұл турнирге қатысады.
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!