Бүгін - Геннадий Головкиннің туған күні

Бүгін - Геннадий Головкиннің туған күні
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 8 сәуірде ең көрнек қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 41 жасқа толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин кәсіпқой рингте 2006 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2010 жылы алғаш рет әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Головкин орта салмақтағы әлем титулдарын сәтті қорғау саны бойынша рекорд жасады. Сонымен қатар, GGG орта салмақтағы нокауттар пайызы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген.

ҚазірГеннадий - IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, бірақ бұрын ол IBF және WBA Super белбеулерін босатуды шешті.

Еске салайық, Головкин соңғы рет былтыр қыркүйекте мексикалық Сауль Канело Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңіліп қалған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек