Бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдер қатары артып барады

Бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдер қатары артып барады
Фото: sport.ru

Әуесқой бокстан биылғы әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдер қатары артып барады. Бірер күнде бұл тізімді Швейцария, Нидерланд және Польша құрамалары толықтырды.

Осы демалыста Швейцария және Нидерланд құрамалары Ресей мен Беларусь елдерінің спортшылары өз елінің Туымен қатысатыны үшін жарысқа қатысудан тартты, - деп жазады Inside the Ring. Ал Польша бокс қауымдастығының вице-президенті Мачей Демель бұған дейін бойкотқа қосылатыны жайлы жазған.

Бокстан әлем чемпионатына алғаш болып АҚШ құрамасы бойкот жариялады. Ізін ала бұл үндеулеріне Канада, Ұлыбритания, Чехия, Ирландия және Швеция қосылды. Осылайша Олимпиададан кейінгі боксшылардың басты бәсекесіне қатысудан бас тартқан елдер саны көбейе бастады.

Бұл елдердің бойкот жариялауына бірнеше себеп бар. Олар Ресей мен Беларусь құрамаларының жарысқа өз елінің Туымен қатысуы және төрешілік мәселесі толық шешімін таппағанын алға тартуда. Сондай-ақ AIBA-ға Умар Кремлевтің президент болып сайлауын күмәнді деп санайды.

Айта кетейік, бокстан әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаты 2 жылда бір рет өтеді. Олимпиада ойындарынан кейінгі байрақты бәсеке саналады.

Ерлер арасындағы биылғы Әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Ташкентте өтсе, әйелдер арасындағы бәсеке 15-31 наурызда Нью-Делиде болады. Жарыс жеңімпазы 200 мың АҚШ долларын еншілейді. Күміс жүлдегерге – 100 мың доллар, қола медаль иесі 50 мың доллар табысқа кенеледі.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

О. Сансызбай