Самат Смақов "Елімайдың" бас бапкері болмайды

Самат Смақов "Елімайдың" бас бапкері болмайды
Фото: "Ақтөбе" футбол клубы

Қазақстан құрамасының экс-капитаны Самат Смақов 2023 жылғы маусымда қайта жанданған "Елімайдың" бас бапкері бола алмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған cемейлік клуб ойнайтын бірінші лига ережесі бойынша талап етілетін PRO санатының жоқтығы себеп болған.

Бас бапкер клуб штабында жұмыс істейтін "Жетісу" мен "Жеңістің" экс-бас бапкері Ринат Алюетов болады.

Еске салайық, былтыр қазан айында "Елімайдың" бас бапкері болып Самат Смақов тағайындалды. 

Бұған дейінгі "Елімай" үш рет Қазақстан чемпионы атанды (1994, 1995, 1998). Сонымен бірге 1995 жылы семейлік клуб ел кубогын жеңіп алған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан