"17 бөлме". Роналду Эр-Риядта қайда тұрып жатқаны белгілі болды

"17 бөлме". Роналду Эр-Риядта қайда тұрып жатқаны белгілі болды
Фото: Фото: Instagram/cristiano

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабия клубы "Әл-Насрға" өткеннен кейін Эр-Риядтағы люкс қонақүйден 17 бөлме жалға алды, - деп хабарлайды Mirror.

Ол 99 қабатты Kingdom Tower зәулім ғимаратында тұрып жатыр. Екі қабатта орналасқан бөлмелерді жалға алу -  айына шамамен 280 мың еуро.

@massaget.kz #криштиануроналду#әлнаср#альнаср#эррияд#джорджинародригес#2023#рек#хочуврек#жаңажыл ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Басылым мәліметінше, Роналду қонақтарға мейірімді болса да, қызметкерлерден онымен селфи жасамауды сұраған. Ал жұбайы Джорджина Родригес қонақүйде тұруға қуанышты.

Еске салайық, 37 жастағы португалиялық былтыр "Әл-Наср" ойыншысы атанған болатын. Оның келісімшарты 2025 жылғы жазға дейін.

Жаңа клубта жарнамалық келісімшарттарды ескерсек, ол маусымына шамамен 200 миллион еуро алады. Бұған дейін бірде-бір ойыншы мұндай келісімшартқа қол жеткізе алмаған.

1XBET-пен жаңа жылдық жарыс басталды! Өз командаңызды таңдап, бағалы сыйлықтар ұтысына қатысыңыз!

Жаңа жылды спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен бірге жеңімпаз ретінде қарсы алыңыз!

С. Бөлек