Роналду жаңа клубпен келіссөз жүргізіп жатыр - БАҚ

Роналду жаңа клубпен келіссөз жүргізіп жатыр - БАҚ
Фото: REUTERS

Криштиану Роналду Сауд Арабиясына барды, - деп хабарлайды Foot Mercato.

Басылым мәліметінше, 37 жастағы футболшы "Әл-Наср" клубының базасы орналасқан Эр-Рияд қаласына барған. Енді ол клуб басшылығымен келіссөз өткізіп, келісімшартқа қол қоймақ екен. 

Мұның алдында арабиялық клуб Криштиануға 2025 жылға дейін келісімшарт ұсынып, маусымына 200 миллион еуро төлеуге дайын екені хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина