Месси әлем чемпионатындағы жеңісін кімге арнағанын айтты

Футболдан Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Instagram-парақшасында жазба жариялап, биылғы әлем чемпионатындағы жеңісін кімге арнағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шабуылшы мундиалдағы жеңісті марқұм Диего Марадонаға, сондай-ақ ұлттық құраманы қолдаған жандарға, бұған дейін жеңіске қол жеткізе алмаған барлық аргентиналық ойыншыға арнайтынын айтты.

"Грандолиден" (Мессидің балалар деңгейіндегі алғашқы командасы - еск.) Катардағы әлем чемпионатына дейінгі жол 30 жылдай болды. Үш онжылдық бойы футбол жолында қуанған да, мұңайған да сәттер болды. Әлем чемпионы болу арманым еді және ол орындалмауы мүмкін екенін білсем де оған қол жеткізер жолда берілгім келмеді. 

Бұл кубок бұған дейінгі чемпионаттарда жеңіске жете алмаған аргентиналықтарға арналады. Ол бізге көктен жанкүйер болған Диегоға және ұлттық құраманы қолдаған жандарға арналады", - дейді Месси. 

Әлем чемпионы болған Аргентина құрамасы қанша сыйақы алды?

Еске салайық, 18 желтоқсанда Аргентина құрамасы футболдан үш дүркін әлем чемпионы атанған болатын. Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина Франция құрамасымен кездесті. 

Месси әлем чемпионы болғаннан кейін мәлімдеме жасады

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!