Месси әлем чемпионы болғаннан кейін мәлімдеме жасады

Месси әлем чемпионы болғаннан кейін мәлімдеме жасады
Фото: Reuters

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионы атанғаннан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қанша уақыт армандадым, тіпті сене алмаймын. Менің отбасыма, мені қолдайтындарға және бізге сенгендерге көп рақмет. Біз, аргентиналықтар, бірігіп шайқассақ, бәріне қол жеткізе алатынымызды дәлелдедік. Бұл - барша аргентиналықтың арманы үшін күрескен команданың жемісі. Біздің қолымыздан келді!", - деді Месси Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, кеше Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалында Францияны жеңген болатын. Мессидің өзі сол матчте дубль жасаған еді.

@massaget.kz #франция#аргентина#әлемчемпионаты#чемпионатмира#fifa#worldcup#2022#месси#мбаппе ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш