UFC-дегі тағы бір қазақстандық жеңіске жетті

UFC-дегі тағы бір қазақстандық жеңіске жетті

UFC-де өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-5) екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Бүгін, 18 шілде күні таңертең АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 26 турнирінде неміс спортшысы Халид Тахамен (13-3-1) кездесу өткізді.

Үш раундқа жалғасқан жекпе-жек әділқазылардың есебімен аяқталып, Сергей Морозов бір ауыздан – 30-27, 30-27, 30-27 есебімен жеңіске ие болды.

Бұл жеңіс – Сергей Морозовтың кәсіби спорт жолындағы 17-ші, ал UFC алаңындағы алғашқы жеңісі.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін бұрынғы чемпион Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі Омар Нурмагомедовпен (13-0) кездесіп, жеңіліп қалған еді.

Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық тағы бір файтер – Жалғас Жұмағұлов та алаңдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген еді.

Қ. Слямбек