Бакудегі турнирде ауыр салмақтағы қазақстандық қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Бакуде өтіп жатқан турнирде әзербайжандық қарсыласын жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ұлы Жібек жолы" турнирінде 92 келі салмақ дәрежесіндегі 1/4 финалындық жекпе-жек өтті. Қазақстандықтың боксшының қарсыласы жарыс қожайыны Фуад Жафаров болды.

Үшінші раундта Тоғамбай әзербайжандықты тырп еткізбей, одан кейін оң қолымен басынан бірнеше дәл соққы берді. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут берді.

Осы жеңісінен кейін қазақстандық боксшы кем дегенде қола медаль алады. Сағындық Тоғамбай енді жартылай финалда ресейлік боксшы Рамазан Ханалиевпен кездеседі.

Турнирге Қазақстанның 11 өкілі қатысты, оның ішінде 92 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша Олимпиада лицензиясының иегері Қамшыбек Қоңқабаев бар. Аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық ресейлік Рамазан Карнукаевтан ұтылып қалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!