Қоңқабаев жеңілді. Бакудегі бокс турнирінің 1-күнінде Қазақстан қалай өнер көрсетті?

Қоңқабаев жеңілді. Бакудегі бокс турнирінің 1-күнінде Қазақстан қалай өнер көрсетті?
Фото: ©КФБ

24 наурызда Әзірбайжанның Баку қаласында бокстан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық алты боксшы бақ сынады. Олардың екуі жарыс жолын 1/8 финалдан бастаса, қалған төртеуі ширек финалдан бастап топқа қосылды. 

Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін) әзірбайжандық Тұралы Сариевті жеңіп, жартылай финалға шықты.

Жартылай финалға шығу үшін белдесуде Сағындық Тоғамбай (92 келіге дейін) тағы бір әзірбайжандық Фуад Джафаровтан басым түсті. Қазақ боксшысы қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.

Дамир Әбдіқадир (51 келіге дейін) ширек финалда ирандық Махди Парвизиден жеңіліп қалды.

Серік Теміржанов (63,5 келіге дейін) 1/8 финалда ринг иесі Руслан Рустамовқа жеңілді.

Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) 1/8 финалда өзбекстандық Әлішер Аюбовтан жеңіліп қалды.

Қамшыбек Күнқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Рамазан Карнукаевтан жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады.

Дегенмен жарыс жолында әлі 5 боксшымыз бар. Олар Тимур Қабдешов (54 келіге дейін), Талғат Сырымбетов (60 келіге дейін), Бақтияр Смағұлов (67 келіге дейін), Дархан Дүйсебай (71 келіге дейін) және Бекзат Таңатар (86 келіге дейін). 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов