Палуан Мұхамбет Қуатбектің жүрегі тоқтап қалған - СІМ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбектің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"19 наурызда Нью-Йорк қаласындағы бас консулдыққа Филадельфия қаласында Қазақстан азаматы қайтыс болғаны туралы ақпарат түсті. Отандасымыздың денесі 16 наурызда Филадельфия қаласындағы мәйітханасына жеткізілді. Филадельфия қаласының сот-медициналық кеңсесінің мәліметінше, өлім - жүрек тоқтап қалуынан болған. Бірақ әлі нақты ақпаратты күтеміз. Консулдық марқұмның туыстарымен байланыста. Мейітті Қазақстанға жеткізу бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Ол жерде спортшы жұмыс істеп жүрген деген ақпарат бар. 2017 жылдан бері жарыстарға қатыспай жүрген", - дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.  

Еске салайық, бүгін 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбек 27 жасында өмірден озғаны белгілі болды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі күрес парақшалары хабарлады. 

Спортшы кейінгі уақытта жұмыс бабымен Филадельфияда (АҚШ) тұрған. 

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз