"Қош бол, палуан". Олимпиада чемпионы атанған қазақ спортшысы қапияда қаза болды

О Сансызбай Корреспондент
 "Қош бол, палуан". Олимпиада чемпионы атанған қазақ спортшысы қапияда қаза болды
Фото ©️ nanjing2014.org

2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбек 27 жасында өмірден озды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі күрес парақшалары хабарлады. 

БӨЛІСУ

Спортшы кейінгі уақытта жұмыс бабымен Филадельфияда (АҚШ) тұрған. Неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. (Кейіннен неден қайтыс болғаны белгілі болды)

Мұхамбет Қуатбек Олимпиада ойындарынан бөлек, 54 килоға дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, 58 килоға дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері.  2016-2017 жылдары жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола және күміс медаль еншілеген.

Ересектер арасында ірі жарыстарға 4 рет қатысқан. 2018 жылдан кейін турнирлерге қатыспаған.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kazakhstan_wrestling

Мұхамбеттің қаза тапқанын Қазақстан күрес федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов та растады. 

«АҚШ-тан қайғылы хабар жетті. Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбек бауырымыз көз жұмды. Балуанның неден қаза тапқаны белгісіз. Жақындарына көңіл айтамыз», – деді Есенжолов. 

Қазіргі таңда спортшының туыстары Қазақстан және АҚШ елшілігімен бірге мәйітін елге жеткізу жайын қарастыруда. 

Спорт тақырыбына қатысты жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!