Сәкен Бибосынов Бахрейн елінің атынан жұдырықтасатын қазақ боксшысын жеңді

Сәкен Бибосынов Бахрейн елінің атынан жұдырықтасатын қазақ боксшысын жеңді
Фото: olympic.kz

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу жарысында Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты. Ол 1/8 финалда Бахрейн елінің атынан жұдырықтасатын қазақ Азат Махметовтен айласын асырды. 

51 килодағы қазақ боксшыларының жекпе-жегі тартысты өтті. Шаршы алаңдағы шайқаста екеуі де аянып қалмады. Үш раунд қорытындысы бойынша Сәкен 4:1 есебімен жеңіске жетті.  

Қазақстандық боксшы ширек финалда ұлыбританиялық Киран Макдональдпен жұдырықтасады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай