Бүгін лицензиялық турнирде кімдер шаршы алаңға шығады?

Бүгін лицензиялық турнирде кімдер шаршы алаңға шығады?
Фото: kfb.kz

Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында үш боксшымыз шаршы алаңға шығады. 

Ерлер арасында 63,5 кило салмақта Мұхамедсабыр Базарбайұлы Тринидад және Тобагодан келген Доннел Филлиппен қолғап түйістіреді (00:30). 80 кило салмақта Асланбек Шымбергенов болса фин елінен келген Сэм Мороватимен шаршы алаңға шығып, өзара мықтыны анықтайды (21:45). 

Қыздар арасында Римма Волосенко Мажарстаннан келген Петр Сзабомен жұдырықтасады (15:00). Бұл қазақстандық боксшы қыздың жарыстағы екінші жекпе-жегі болмақ. 

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) мен Римма Волосенко қарсыластарын жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Бусто-Арсициодағы лицензиялық турнир 11 наурызға дейін жалғасады. Ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай