Махмұд Сабырхан бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Махмұд Сабырхан бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: olympic.kz

Әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Махмұд Сабырхан Бусто-Арсициодағы (Италия) лицензиялық турнирді жеңіспен бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде Эфиопия елінің өкілі Лета Фикремариам Ядесаны еш қиындықсыз жеңді.

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы – тай боксшысы Саравут Суктхет. Отандасымыз бұл боксшымен былтыр 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалында кездесіп, жеңіске жеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Айта кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов пен Римма Волосенко да алғашқы жекпе-жектерін сәтті аяқтаған болатын. Сондай-ақ бүгін Нұрбек Оралбай алғашқы жекпе-жегіне шығады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай