Олимпиадада жүлде алған қазақстандық боксшы лауазымды қызметке тағайындалды

Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 

Василий Алексеевич 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері,  екі бірдей Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. 

Айта кетейік, осыған дейін кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті болып сайланған болатын. Ал Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!