Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас ассамблеясының отырысында белгілі болды. 

Еске салайық, бұған дейін ҰОК президенттігіне Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылған болатын. Тиісті құжат Tengri Sport редакциясына түскен. Құжаттан 14 ақпанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткені белгілі болды. Шара барысында, атап айтқанда, президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.

Ал қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы да ұсынылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина