"Алтын доп" иегері Рыбакинаның ойынын арнайы келіп тамашалады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Оның ширек финалдағы ойынын әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньо арнайы келіп тамашалаған. 

Ширек финалда Елена канадалық Лейла Фернандеске қарсы ойнап, камбэк жасады. Аса тартысты өткен ойынды "Алтын доп" иегері стадионда отырып көрген. 

Роналдиньо Рыбакинаның фанаты, - деп жазады журналист Бастьен Фашан.

43 жастағы футболшы Еуропада "Барселона", "Милан" және ПСЖ клубтарында ойнады. 2002 жылы Бразилия құрамасымен әлем чемпионы атанды. "Алтын доп" иегері. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай